Қостанай облысындағы жатақханалардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы тексерілді

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – «Jas Otan» ЖҚ облыстық филиалы «Қостанай – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірігіп, ЖОО мен кәсіптік білім мекемелерінің жатақханаларына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Jas Otan» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Абай Жүсіповтің айтуынша, Қостанайдағы жатақханалар жыл сайын тексеріліп отырады. Басты себеп – білім алушыларға тиісті жағдайлардың жасалуы, қауіпсіздік шаралары мен гигиеналық талаптардың сақталуы. Қазір аймақта 35 студенттік жатақхана бар. Солардың бірі – З.Алдамжар атындағы Қостанай университетінің жатақханасына 300-ден астам студент қабылданған. Жатақхана орындары алдымен облыс орталығынан шалғай ауылдардан келгендерге беріледі.

Рейд барысында мониторинг тобының мүшелері олқылықтардың бар-жоғын қадағалады. Төсек-орын мен жуынатын бөлменің тазалығынан бастап өртке қарсы дабыл құрылғысының сапалы жұмыс істеуі арнайы топтың бақылауында болды.

«Елбасының бес әлеуметтік бастамасында айтылған міндеттерге сәйкес, студенттердің тұрмыс сапасын жақсартуды партия тікелей бақылауына алды. Қазір жатақханада 1-ші курс студенттері ғана тұрып жатыр. Ал қалған білім алушылар қашықтан оқуда. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Күн сайын дизенфекция жасалады. Жатақханалардың қазіргі әлеуметтік-тұрмыстық деңгейіне көңіл толады. Шалғай ауылдарда ғаламторға қосыла алмайтын студенттер арнайы лабораториялық, дипломдық жұмыс жазуға дайындықты бастады», - дейді Абай Жүсіпов.


Соңғы жаңалықтар