Қостанай облысындағы жаңа қаланың атауы қандай болады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы Затобол кентінің атауын өзгерту туралы ұсынысты республикалық ономастикалық комиссия қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай облысында тағы да бір қала пайда болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Кейін Затобол кентінде осы елді мекенге қала мәртебесін беру және атын өзгерту мәселесіне арналған жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өткізілді. Тұрғындар бұл ұсынысты толықтай қолдаған-ды.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Меңдекинова мәлім еткендей, алдағы уақытта Затобол кентінің атауы өзгермек.

«2018 жылғы 9 қарашадағы республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысы бойынша Қостанай ауданының Затобол кентін Тобыл қаласы деп қайта атау туралы облыс әкімдігінің ұсынысы мақұлданды. Қазіргі уақытта құжаттар Үкімет қарауында жатыр», - деді ол.

Сондай-ақ, Таран ауданын Бейімбет Майлин атындағы аудан деп атау ұсынысы Үкімет қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар