Қостанай облысындағы тұрғыннан 14 келі марихуана тәркіленді

2022 жылғы 29 қараша, 04:13
Қостанай облысындағы тұрғыннан 14 келі марихуана тәркіленді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының полицейлері тұрғыннан 14 келі марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қамысты ауданының полиция қызметкерлері «Рефлекс» операциясын жүргізу кезінде 44 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Ауыл тұрғынының үйінде санкцияланған жеке тінту барысында 14 келі марихуана тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат есірткі – кептірілген марихуана болып шықты.

Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі заттарын өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Жыл басынан бері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 180 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі», — деді Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Аят Қартбаев.

Фото: polisia.kz



Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar