Қостанай облысындағы тубдиспансердің бас дәрігері пара алған

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай қаласының № 2 сотында «Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК бас дәрігеріне қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот тубдиспансер басшысын ҚР ҚК 336-бабы, 2-тармағы (пара алу) бойынша айыпты деп таныды. Сондай-ақ сотта қылмыстық кодекстің 367 және 368-баптарымен айыпталған медициналық мекеменің бас есепшісі мен ЖШС басшысына қатысты іс қаралды.

«Сот бас бухгалтер Б.-ның бас дәрігер М.-ның ұсынысы бойынша К.-мен келісіп, жергілікті ЖШС-ға медициналық бұйымдар мен қорғаныс құралдарын сатып алу бойынша 236 000 теңге тендерде көмек көрсетуге уағдаласқанын анықтады. ҚР ҚК-нің 366, 367, 368-баптарының санкциялары айыппұл түріндегі жазаны көздейді. Осыған байланысты М.-ға – 11 800 000 теңге, Б.-ға – 2 360 000 теңге, К.-ға – 4 720 000 теңге айыппұл тағайындалды. Барлығы өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды», делінген соттың баспасөз хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар