Қостанай облысындағы Наурызым қорығынан өрт шықты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында Наурызым қорығының аумағындағы құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасап.

«Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының аумағында «Бас наурызым» шатқалында құрғақ шөптер мен қарағайдың бір бөлігі өртеніп жатыр. Өрт 0,5 гектар аумақты шарпыған», - деді ТЖД-да.

Ведомствода хабарланғандай, ешкім зардап шекпеген.

Еске салайық, бұдан бұрын қорықта жиі өрт шығуына байланысты өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығуы жүргізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар