Қостанай облысындағы Набережный ауылдық округіне қазақша атау берілмек

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысына қарасты Бейімбет Майлин ауданындағы Набережный ауылдық округі мен Елизаветинка ауылының атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы өңір әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың бірлескен шешім құжатында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Набережный ауылдық округі Байшуақ ауылдық округі, Бейімбет Майлин ауданы Набережный ауылдық округінің Елизаветинка ауылы Байшуақ ауылы болып аталсын», - делінген бірлескен шішімде.

Құжат 1 ақпанға дейін көпшілік талқылауда болады.

Қоса кетейік, бұған дейін Ақмола облысының Бурабай ауданына қарасты Красный кордон ауылының атауы Аққайың болып өзгертілген еді.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысындағы Новопавловка ауылдық округіне Құмақсай атауы берілген болатын.


Соңғы жаңалықтар