Қостанай облысындағы моноқалаларды дамытуға 10 млрд теңге бөлінеді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Халық қалаулыларының облыстағы жұмыс сапары Қостанай қаласында жалғасын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ирина Аронова, Гүлнәр Бижанова, Мұрат Теміржанов, Жәмилә Нұрманбетова, Айгүл Нұркина астықты аймақтағы жұмыс сапары барысында облыс активімен кездесті. Депутаттар Елбасының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл - ел бесігі», «Халыққа көмек» жобаларының мән-мазмұнын түсіндіріп, өңірдегі жүзеге асырылу деңгейімен танысты.

Жиында белгілі болғандай, Қостанай облысындағы моноқалаларды дамытуға 10 млрд теңге бөлінеді. Арқалық, Лисаковск, Рудный және Жітіқара қалалары Ұлттық экономика министрлігі тарапынан қаржыландырылмақ.

«Жыл сайын әр моноқалаға 10 млрд теңге - бұл барынша қомақты сома. Тек осы қаражаттығң қаншалықты тиімді жұмсалатындығы маңызды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, жұмыс орындарын ашу, бизнес-жобаларды қаржыландыру тетіктерін реттеу жергілікті атқарушы органдарға ғана байланысты», - дейді депутат Гүлнәр Бижанова.

Сонымен қатар, Лисаковск пен Рудныйдағы жылу магистралын қайта құруға 500 млн теңге қарастырылып отыр. Ары қарай депутаттар қаладағы өндіріс орындарын аралады.

null

Соңғы жаңалықтар