+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» колониясының жанында өрт шықты

2021 жылғы 2 тамыз 09:33
Бөлісіңіз:
Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» колониясының жанында өрт шықты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында «Қара бүркіт» колониясының жанында қатты ыстық ауа райына байланысты құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да 1000 тоннадан астам пішен өртенді Павлодарда өртенген үйден 58 жастағы әйелдің денесі табылды Алматыда биылғы жылыту маусымында 549 мәрте өрт шықты

Ведомствоның хабарлауынша, өртті қызметкерлер байқап, бірден сөндіруге кіріскен. Төрт сағаттың ішінде өрт толық оқшауланып, колонияның жеке құрамы өрт сөндіру автокөлігіндегі су қорын тез толтырып отыруға көмектесті.

«Ашық жалын азық-түлік қоймасына қарай өтіп кетпес үшін мекеме басшылығы ТЖД қызметкерлеріне көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Кезекші ауысымдағы барлық күшті жұмылдырдық», - деді УК161-3 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Асхат Баламбаев.

Өрт сөндірушілер колонияның жеке құрамын батыл және жедел әрекет еткені үшін алғыс білдірді.

«Қара бүркіт» – (ресми атауы – УК-161/3 мекемесі) Қазақстанның Қостанай облысындағы төтенше қауіпсіздік мекемесі, Жетіқара қаласынан 25 шықырым жерде орналасқан. Онда аса ауыр қылмыскерлер, атап айтқанда өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT