Қостанай облысындағы ірі өрт: Үйлерге су құбырын тартуға 2,5 млрд теңге бөлінді

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Алапат өрт салдарынан залал келген Қостанай облысының Аманқарай ауылындағы үйлер су құбырына қараша айының соңына дейін қосылады. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аманқарағай ауылындағы су құбырының құрылысын қарадым. Су құбырын салуға 2,5 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Орталық су құбырына 367 абонент, оның ішінде әлеуметтік нысандар да қосылды. Қалған абоненттер ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін қосылады», - деп жазды облыс әкімі Іnstagram-парақшасында.

Еске сала кетейік, Қостанай облысы Әулиекөл ауданында болған өрттен орманға келген зардаптың салдарын жою үшін ағаш отырғызу жұмыстары басталды. Жоспарға сай, биыл Әулиекөл-Қостанай тасжолында қайың және қарағай егіледі.




Фото: soupstock.in



Соңғы жаңалықтар