Қостанай облысындағы экономикалық дамуы оң серпінде ілгеріледі - Архимед Мұхамбетов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер оң динамикаға ие. Бұл туралы Осы өңірдің әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірдегі экономикалық дамуы оң серпінде ілгерілеп келеді. Оны экономиканың негізгі салаларының көрсеткіштері айқындап отыр. 10 айдың қорытындысы бойынша өсімге қол жеткізілді. Осы орай да өнеркәсіпте өсім 8,1%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 13,5 пайызға», - деді А. Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 11 % - ға артты. Мұнымен қоса, құрылыста – 6 пайыз, тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша 25,5 пайызға өсім қамтамасыз етілді.

«Бөлшек саудада 5 пайыз, көтерме саудада 4,3 пайыз өсім қамтамасыз етілді. Сондықтан бүгінгі күні жыл қорытындысы бойынша біз жалпы өңірлік өнімнің өсімін кемінде 3 пайыз шегінде күтіп отырмыз», - деді облыс әкім.


Соңғы жаңалықтар