Қостанай облысындағы дала өрті 46 гектардағы шөпті күлге айналдырды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында дала өрті тұтанып, шаруа қожалығын 46 гектардағы шөптен айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт Науырзым ауданының Шолақсай ауылының маңында болған.

«Яковлева» шаруа қожалығының шамамен 15 тоннадай шабылған шөбі жанып кетті. 46 гектар ауданды жалын шарпыған. Өрттің тұтану себебі анықталып жатыр, құрбан болғандар жоқ, ешкім зардап шекпеген», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Қостанай облысында өрт тұтану қаупі жоғары болып тұр.



Соңғы жаңалықтар