Қостанай облысындағы алапат құйын: 12 адам зардап шекті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Сарыкөл аудандық ауруханасына 26 маусым күні күндіз Сарыкөл аудан орталығында болған алапат құйын салдарынан зардап шеккен 12 адам жеткізілді.

Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Гүлнар Ғалиева хабарлады. Ол 10 адамның стационарға оқиға орнынан жеткізілгені, ал екеуі ауруханаға өздері шағымданып келгенін атап өтті. «Зардап шеккендердің ешқайсысы күрделі жарақат алған жоқ», - деді Ғалиева.

Сарыкөл ауданы орталығында қысқа болса, қиратушы күші мол болған құйын спартакиаданың ашылуы кезінде басталды. Негізгі соққы ішінде көп адам жүрген стадионға түсті. Кейбір куәгерлер табиғи апатты смартфондарының таспасына түсіріп, жазбаларды ғаламторға салып үлгерген.

Бір минуттан кем болмаған құйын көп нәрсені қиратып кетті. Куәгерлердің айтуынша, оның ауқымы 10 метрге жеткен, ал биіктігі бес қабатты үймен тең болған. Ол сауда палаткаларын, үстелдер мен орындықтар, батуттарды ондаған метр жерге ұшырып әкетті.

Сарыкөл ауданы ішкі істер бөлімінің басшысы Елена Бауэр табиғи апаттың келтірген шығыны шамамен 150 мың теңгені құрап отырғанын айтты.

Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов оқиғаға түсініктеме беріп, түрлі мерекелер кезінде шұғыл қызметтердің жұмысын күшейтуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар