Қостанай облысындағы әкімдік қызметкерлері балалар лагерінде тұрып, ақы төлемеген
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасынан атап өткендей, мұндай фактілер қоғамдық бақылау картасының аясында жүргізіліп отырған жұмыс барысында анықталуда.
«2018 жылдың 2 қарашасында ҚР Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысындағы департаментіне Денисов ауданындағы Денисовское ауылының тұрғынынан «Денисов ауданы әкімінің аппараты» ММ лауазымды тұлғаларының сол ауылда орналасқан «Солнечный» балалар лагерінде тұрып, 2018 жылғы сәуір-қазан айлары аралығында оның жалдау ақысын төлемегені туралы ақпарат келіп түсті», - деп хабарлады ведомстводан.
Әкім аппараты лауазымды тұлғаларының «Солнечный» балалар лагерінде қызметтік баспаналарында жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде тұрғаны анықталды.
«Департаменттің араласуынан кейін, яғни 2018 жылғы 6 қарашада аудан әкімі аппаратының лауазымды тұлғалары баспананы жалдағаны үшін 335 400 теңге көлеміндегі соманы төлеген», - деп түсіндірді департаментте.
Осыған байланысты, департамент Қостанай облысындағы мемқызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефоны 8 (714-2) 393-165, WhatsApp мессенджерінің нөмірі 8-707-602-14-24, сондай-ақ [email protected] электрондық поштасы жұмыс істейтінін еске салады.