Қостанай облысындағы 4 мектеп Ұлы Абайдың есімімен аталуы мүмкін

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысындағы 4 мектепке Абайдың, ал 3 білім ордасына Әлихан Бөкейханның есімі берілмек. Бұл туралы Үкіметтің тиісті қаулысы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанай қаласындағы №27 мектепке, Рудный қаласындағы №18 мектебіне, Жітіқара ауданындағы №3 мектеп-лицейіне және Лисаков қаласындағы жалпы білім беретін №3 мектебіне Абайдың есімі берілсін. Ал, Қостанай қаласының №29 мектебі, Арқалық қаласындағы Родина мектебі және Рудныйдағы №2 Қашар мектебі Әлихан Бөкейханның атымен аталсын. Сонмен қатар, Рудный қалалық № 19 мектебіне Ахмет Байтұрсынұлының, ал №15 мектебіне Міржақып Дулатұлының есімі берілсін. Қарасу ауданындағы қазақ тілінде білім беретін мектеп Ыбырай Алтынсаринның есімімен аталсын. Сондай-ақ, Амангелді ауданындағы Н. Крупская атындағы негізгі білім беретін мектепке Жұматай Сабыржанұлының аты берілсін», - деп көрсетілген қаулыда.

Қоса кетсек, бұл уақытқа дейін Павлодар облысындағы 12 мектепке қазақтың белгілі тарихи тұлғаларының есімі берілетінін жазып едік.


Соңғы жаңалықтар