Қостанай облысында зымыран қалдықтарын құлатуға 76 мың гектар жер берілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жанкелдин ауданы орталығында ғарыштық мақсаттағы зымыранды ұшырудың Қазақстанның қоршаған ортасына әсері талқыланды, деп хабарлайды kostanaytany.kz сайты.

Жанкелдин ауданы аумағынан зымыран қалдықтарын құлату үшін 76 мың гектар жер 3 жылға берілетін болып шешілді. Бұл туралы облысы әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен өткен жиында мәлім етілді. Басқосуда поляр маңындағы орбитаға ғарыш аппараттарын шығару кезінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «СОЮЗ-2» ғарыштық мақсаттағы зымыранды ұшырудың ҚР қоршаған ортасына әсері туралы сөз қозғалды. Мәжіліске Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен ғарышкер Айдын Айымбетов қатысты. Еске салсақ, осыдан бірнеше апта бұрын Жанкелдин ауданы тұрғындары ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың атына наразылық хат жазған-ды.
null 

«Бәйтерек» бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры Ерден Ибраев деген азамат Ресейдің «Роскосмосынан» бір орысты алып келіп, біздің аудан орталығы Торғайдан 20 шақырым жердегі Шөптікөл қоныс орнын «Союз-2» ракетасының бірінші сатысының қалдықтарын тастайтын алаң ретінде пайдалануға, полигон етуге жер сұрауда. Оның сыртында олар тағы да 100 гектар жер алмақшы дегенді естіп жатырмыз. Бұлар көптен бері осы біздің Торғайдан 40600 гектар жерді осындай полигонға алған. Сол жерге ракета қалдықтарын тастап жатыр. Ол жер Торғайдан 80 шақырымдай жер. Оған да қарсы болғанбыз. Бірақ Торғай халқымен ешкім санаспады» - делінген наразылық хатта.
null 

Бүгінгі жиынның қорытындысы бойынша, Жанкелдин ауданына қарасты Шөптікөл мекенінен Ресейдің зымыран қалдықтарын құлатуға жер берілді. Қалдықтар белгіленген жылдар ішінде 8 рет құлайды. Сондай-ақ, аудан бюджетіне жыл сайын 151 млн теңге қаржы аударылады. Ал іргесіне қалдық тасталатын Ақкөл мен Қарасу ауылдарына жедел жәрдем көліктері бөлініп, ауызсу тартылады. Таяу келешекте сол жердегі көпірді жөндеуге де уәде беріліп отыр.
null 

Соңғы жаңалықтар