+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Қостанай облысында жылу бағасы арзандайды

2021 жылғы 13 қаңтар 12:27
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында жылу бағасы арзандайды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда жылу тарифі ақпан айынан бастап төмендейді. Бұл туралы облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің мамандары мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Ақан Ташпановтың айтуынша, жылумен жабдықтау қызметінің бағасы қазіргіден 8 пайызға арзан болмақ. Негізі өткен жылдың тамыз айында «Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы» ЖШС жылумен жабдықтау қызметінің бағасын 6,4 пайызға арттыруды сұраған. Алайда монополистер жылу тарифін өсіруге қарсы шықты.

«Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы жылу жүйесінің бес жылдық тарифінің аяқталғанын алға тартып, бағаны қымбаттатуға өтінім берген болатын. Олардың ұсынған жобасы бойынша тариф қосымша құн салығынсыз 7 мың 578 теңгеге жетеді. Біздің департамент коммуналдық тарифтердің дұрыс есептеуін қадағалайды. Осыған байланысты біз жылумен жабдықтау жүйесінің бағасын 2018 жылғы тарифке сәйкестендіріп отырмыз. Табиғи монополияларды реттеу департаменті Қостанай жылу-энергетикалық компаниясының өтінімін қарап, 2021жылға арналған орташа өткізу тарифінің шекті деңгейін бекітті. Жылу бағасы ақпан айынан бастап төмендеп, қосымша құн салғынсыз 6 970 теңге болады», - дейді департамент басшысы.

Ақан Ташпанов айтқандай, жылу тарифі төмендеген соң облыс кәсіпорындарының жылуға жұмсайтын қаражаты 2 млрд теңгеге төмендемек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT