Қостанай облысында жыл басынан бері 500 килограмға жуық есірткі тәркіленді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 39 жастағы Жітіқара қаласының тұрғын жарты килограмм героинді үйінде сақтаған. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде полицейлер таразы мен бір миллион теңгеден астам ақша тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Дәрмек» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілген арнайы операцияның мән-жайы туралы Жітіқара қаласы және аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Әлібек Шандалинов айтып берді.

«Есірткі таратушыны ұстау операциясы 2020 жылдың қазан айында басталды. Бізге қала аумағында героин пайда болды деген ақпарат келді. Жүргізілген жедел-тергеу іс-әрекеттері арқылы біз есірткіні таратушыға шыға алдық. Шекара қызметі мен арнайы полиция бөлімшесінің көмегімен 39 жастағы қала тұрғыны жанармай құю бекетінің жанында ұсталды», деп атап өтті Әлібек Шандалинов.

Кейіннен күдіктінің үйі мен гаражына тінту жүргізу кезінде полиция жалпы салмағы 499 гр героинді тәркіледі. Есірткі жасырын жерде, еденнің астында сақталған. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде қызметтік-іздестіру иттері пайдаланылды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі «Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу және сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жыл басынан бері облыста заңсыз айналымнан 473 килограмнан астам түрлі есірткі құралдары, синтетикалық психотроптық заттар мен олардың баламалары тәркіленді.


Соңғы жаңалықтар