Қостанай облысында жыл басынан бері 115 жол-көлік оқиғасы болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Осы жылдың басынан бастап Қостанай облысында 115 жол-көлік оқиғасы болды. Олардың 14-і соңғы 10 күн ішінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің өкілі, ЖПҚБ бастығы орынбасары Виталий Цой брифингте жыл басынан бері облыста 115 жол-көлік оқиғасының болғанын айтты.

«Олардың алтауы балалардың қатысуымен болған. 27 адам қайтыс болған, олардың үшеуі – бала. 140 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған, олардың алтауы кәмелеттік жасқа толмаған. Шілде айының 10 күнінің ішінде 14 жол-көлік оқиғасы болды, салдарынан 6 адам қайтыс болып, 10 адам дене жарақаттарын алған», - деді В. Цой.

Осыған байланысты полиция жүргізушілерді жолда мұқият болып, жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауға шақырды.


Соңғы жаңалықтар