Қостанай облысында ЖОО-лардың 1-курс студенттері штаттық оқуға көшеді

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысының мемлекеттік санитариялық бас дәрігері карантин шараларын жеңілдету туралы қаулысына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімі жанындағы жедел штабқа сілтеме жасап.

Қостанай облысының мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Е. Дәулетбаев білім саласына қатысты өзгерістерді жариялады.

Жаңа қаулыға сәйкес 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында контингенті 300-ге дейінгі мектептер дәстүрлі оқу форматына көшеді. Бұл ретте сыныптардағы балалар саны 15-тен аспайды және сабақ арасындағы үзілістерде сынып іші дезинфекциялық құралдармен тазартылады.

«Ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныптарда, халықаралық мектептерде 7-сыныпта кезекші топтар ұйымдастырылады. 9-11(12) сынып оқушылары аптаның 6 күні ішінде аралас оқыту форматына көшеді. Пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан оқытылады. Білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беріледі. ҚР ММЖТ №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтандыру орындары жұмысын жалғастырады», делінген санитарлық дәрігердің қаулысында.

Колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері екінші семестрден бастап штаттық оқуға ауыстырылады.

Қостанай облысының мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің қаулысы 2021 жылғы 10 ақпан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар