Қостанай облысында жол жөндеуге 30 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жыл сайын жолдарды қалпына келтіруге, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуге және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге инвестициялар көлемі өсуде. Осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов халықпен есептік кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Былтыр жергілікті маңызы бар жолдарға 28,8 млрд теңге бөлініп, жұмсалатын қаржы көлемі 42%-ға артқан еді. «Арқалық-Торғай», «Тобыл-Таран-Красносельск-Набережный»,«Адаев-Үрқаш-Аралкөл» және тағы басқа тасжолдарға орташа жөндеу жүргізілді.

«Нәтижесінде жай-күйі орташа және қанағаттанарлық облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесі 66 % құрап, 2017 жылдағы үлестен 2 пайызға көбейді. Биыл осы мақсатта 30 млрд теңге қарастырылып отыр. Облыстық маңызы бар 2,2 шақырым жол қайта жөнделіп, жергілікті маңыздағы 392,7 шақырым, елді мекендердегі 95,7 шақырым жолға күрделі және орташа жөндеу жүргізілмек», - деді А.Мұхамбетов.

Сондай-ақ, Ы.Алтынсарин, Амангелді, Әулиекөл, Ә.Жангелдин, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Наурызым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Федоров аудандарындағы жолдарға жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.

Қостанай, Рудный, Арқалық және Лисаковск қалаларында 6,4 млрд теңгеге 95,7 шақырым жол жөндеуден өтеді.

Соңғы жаңалықтар