Қостанай облысында жол апаты кезінде Ресейдің бес азаматы ауруханаға түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ ТЖ комитеті Қостанай облысында Екатеринбор-Алматы тас жолында рейстік автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы кезінде зардап шеккендерге қатысты жаңа мәлімет ұсынды.

Қостанай облысында Екатеринбор-Алматы тас жолында рейстік автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы кезінде қаза болғандар арасында Ресей Федерациясының екі азаматы бар. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.

«Қаза болғандар арасында үш Қазақстан Республикасының азаматы, екі РФ азаматы бар, қайтыс болған тағы бір адамның кім екені анықталуда», - деп атап өтті ол.

«Автобуста 44 жолаушы, екі жүргізуші, жүк көлігінде бір адам (жүргізуші) болған. Жол-көлік оқиғасынан 37 адам зардап шекті, олардың  - алтауы қаза тапты (екеуі РФ азаматы, үшеуі ҚР азаматтары, біреуінің аты-жөні анықталуда). Рауруханаға 8 адам жатқызылды (бесеуі РФ азаматы, үшеуі ҚР азаматы). 23 адамға медициналық көмек көрсетілді (11-і РФ азаматы, 1-уі Тәжікстан, 11-і ҚР азаматтары)», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша,  зардап шеккендер Қостанай қаласындағы облыстық ауруханаға  жатқызылған  (3 адам РФ азаматы, халдері ауыр, қалғандарының жағдайы бірқалыпты).

Қостанай облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ірі жол апатына байланысты жедел телефон желісін іске қосты. Телефон нөмірі 8 (7142) 50-36-24. Сондай-ақ, жараланған адамдарға психологиялық көмек көрсетіп, қосымша ақпарат беру үшін 122 нөмірі жұмыс істеді. Психологтар жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 27 шілдесінде сағат 18.00 шамасында Қостанай облысында «Челиябинск-Жітіқара» тас жолының 391 шақырымында «Ивеко Магирус» маркалы көлік Қостанайдан Ресей Федерациясына қарай беттей отырып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Соның салдарынан жолаушылар тасымалдайтын автобусқа соқтығысқан.

Соңғы жаңалықтар