Қостанай облысында жоғалып кеткен оқушы 12 күннен соң табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Із-түзсіз жоғалып кеткен Рудный қаласында тұратын 13 жастағы оқушы табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рудный қаласының полицейлері 28 қараша күні із-түзсіз жоғалып кеткен Денис Матвеевті бүгін тапты. Ол Рудный қаласындағы жақын маңдағы Юбилейный ауылында болған. Оның денсаулығы жақсы, қазіргі уақытта ата-анасына тапсырылды.

Рудный қалалық полиция басқармасының мәліметінше, Денис Матвеев бұған дейін де бірнеше мәрте үйінен кетіп қалған.

Айта кетейік, баланы іздестіруге жедел топ құрылған. Еріктілермен бірлескен топ іздеу шараларын өткізді.

Соңғы жаңалықтар