Қостанай облысында жоғалған жасөспірім қыз екі күннен бері табылмай жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданында кәмелет жасына толмаған Анна Карпенко атты жасөспірім қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Polisia.kz мәліметінше, бойжеткен Валерьяновка атты ауылда тұратын. Ол 9 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында үйінен шығып кетіп, содан бері оралмаған.

Анна Карпенко бұған дейін де бірнеше мәрте үйінен кетіп қалған. Сондықтан полиция бөлімінде арнайы есепте тұр.

Қыздың ата-анасы полиция бөліміне 10 қыркүйекте шағымданған. Бойжеткенді іздеуге полицейлер ғана емес, ауданның және Лисаков қаласының волонтерлері де белсене атсалысып жатыр.

Сонымен қатар іздеу жұмысына білім бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар да тартылған.

Барлығы 150 адам Аннаны іздеп табуға жұмылдырылды.

Жоғалған қыздың белгілері: бойы - 172 см, шашы - ақшыл сары, иығына түседі, көзі - сұр-жасыл түсті. Үйінен кеткен кезде үстінде көкшіл түсті шорты, сары жейде, қызыл кроссовка болған.

Жасөспірім туралы қандай да бір мәлімет білетін тұрғындар 8-714-363-74-63, 8-771-898-28-38 немесе «102» нөміріне хабарласа алады.

Тәртіп сақшылары адам жоғалғанда бірден полицияға хабарлау керектігін еске салады. Әсіресе кәмелет жасына толмаған бала хабар-ошарсыз кеткенде тезірек полицейлермен бірге іздеуге кіріскен жөн.


Соңғы жаңалықтар