Қостанай облысында жоғалған бес жасар қызды іздеуге тікұшақ жіберілді
2022 жылғы 8 тамыз 14:45

Қостанай облысында жоғалған бес жасар қызды іздеуге тікұшақ жіберілді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жоғалған бес жасар қызды іздеуге тікұшақ қосылды. Бұл мәселе облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жамбыл ауылынан бес жасар қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен сәттен бастап жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары тікұшақ арқылы жүргізілуде, - деді Қостанай облысы ІІД полиция басқармасының бастығы Ерлан Омарбеков Facebook желісіндегі парақшасында.

«Дәл осы уақытта біз қыздың анасымен аумақты айналып ұшып жатырмыз».

Ведомство басшысы қоғам өкілдерінің мұндай жағдайларға бей-жай қарамайтынын атап өтті.

«Бірінші минуттан-ақ еріктілер, ауыл тұрғындары, жай ғана қамқор адамдар полицейлерге көмек көрсетті. Бұл үшін әке ретінде барлығына алғыс айтамын. Жоғалған сәби үшін бәріміз алаңдаулымыз. Оны табу үшін бар күшімізді саламыз. Іздестіру жұмыстарының барысы туралы хабарлап тұрамын», - деп қосты Е.Омарбеков.

Бұған дейін Жамбыл ауылынан жоғалған бес жасар қызды іздеуге 24 сағат бойы 500-ден астам полиция қызметкері, еріктілер мен мүдделі азаматтардың қосылғаны бұған дейін хабарланған болатын.


Фото: facebook.com




Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT