Қостанай облысында жергілікті полиция қызметінің басшысы қамалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат -  Жітіқара ауданы жергілікті полиция қызметінің басшысы мен оның үш бағынысты қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады.

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оған 10 қаңтарда заң бұзушыны әкімшілік қамаудан заңсыз босатқаны және ІІБ ғимаратынан шығып кетуіне жәрдемдескені үшін жаза тағайындалды.

Полиция қызметкері «әкімшілік қамауға алынған сотталушыны камерадан заңсыз шығарып, оның шығып кетуіне жәрдемдескені хабарланды. Бұл фактіні прокуратура анықтады, заң бұзушы сот белгілеген жаза мерзімін өткізу үшін камераға қамалды.

Соңғы жаңалықтар