Қостанай облысында жердің пайдаланылуы және қорғалуын бақылау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысы әкімінің бұйрығымен Төлеубаев Теміржан Төлеубайұлы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Теміржан Төлеубайұлы Төлеубаев 1952 жылы 4 сәуірде Ақмола облысы Қима ауданының «Есіл» кеңшарында туған. 1999 жылдан - Қостанай облысы Жeтіғара ауданының әкімі. 2001 жылдан - Қостанай облыстық Ауыл шаруашылық және азық-түлік департаментінің директоры. 2003 жылдан - Қостанай облысы Алтынсарин ауданының әкімі. 2004 жылдан - Қостанай облысы әкімінің орынбасары. 2006 жылдан - Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы. 2007 жылдан - «Интеграция Целина» ЖШС бас директоры. 2009 жылдан - Арқалық қаласының әкімі. Қостанай облыстық мәслихатының 3-ші (2006), 4-ші (2007) шақырылым депутаты. 2012 жылдан бастап, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының бастығы қызметтерін атқарған. «Құрмет» орденімен (2006 жыл), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 жыл), «Қажырлы еңбегі үшін» (1982 жыл), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 жыл) медальдарымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар