Қостанай облысында жеңіл автокөлік бұланды қағып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында жеңіл автокөлік жол үстіне шығып кеткен бұланмен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Қостанай ауданы маңындағы «Қостанай-Сарыкөл» тасжолында болған.

«19 қыркүйек күні сағат 22:15-те аудандық полиция бөлімшесіне ВАЗ-2108 автокөлігінің бұлан жануарымен соқтығысқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Қазір осы дерек бойынша процессуалдық шешім қабылданып жатыр.


Соңғы жаңалықтар