Қостанай облысында жел мектептің шатырын ұшырып әкетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Қарасу ауданында жел мектеп спортзалының шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға туралы хабар диспетчерлік қызметке 22 шілде күні түскен.

«Жамбыл ауылында күшті жел негізгі мектептің спорт залының шатырын ұшырып кеткен. Зақымданған аудан 270 шаршы метрді құрайды», - деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.

Құрбан болғандар жоқ, ешкім зардап шекпеген.

Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

фото:alau.kz

Соңғы жаңалықтар