Қостанай облысында жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жітіқара ауданында жедел жәрдем қызметінің көлігі отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше оқиға Жітіқара ауданындағы «Горный лен» дәмханасының қасында болған.

«Жедел жәрдем көлігінің қозғалтқыш бөлігі тұтанған. Көліктің төбе қаптамасы мен орындықтары толығымен жанып кетті. Оқиға орнына аудандық №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен техникасы жұмылдырылды», - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.

Өрт 1,5 шаршы метр аумақты шарпыған. Көлік аудандық орталық ауруханасынан жанар-жағармай бекетіне бет алған. Зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар