Қостанай облысында жасөспірім жасанды су қоймасына батып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Әулиекөл ауданында 15 жасар жеткіншек суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Әулиекөл ауданындағы Озерное ауылында болды.

«Жасанды су қоймасының шомылуға арналмаған жерінде суға түсіп жүрген 2004 жылы туған жеткіншектің денесін жергілікті тұрғындар алып шықты», - деп хабарлады ведомство.

Құтқарушылардың мәліметінше, бала жеке қорғану құралдарынсыз суға түскен. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар