Қостанай облысында жанар-жағар майдың бір айлық қоры бар - өңір әкімі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жанар-жағар майдың бір айлық қоры бар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте осы өңірдің әкімі Нұралы Сәдуақасов мәлім етті.

«Бүгінде облыста бір айлық қор бар. Бұл тұрғыда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жағармай қорын бұған қосып отырғаным жоқ. Себебі, олар бөлек бағдарламамен қамтылып отыр», - деді әкім.

Н. Сәдуақасов жанар-жағар май бойынша бұдан бұрын орын алған қиындықтарға қарамастан, қазіргі кезде ахуал қалыпқа келгенін атап өтті.

«Бүгінде бұл бағытта жағдай тұрақты. Жанар-жағар майға бағаның өсімі байқалған жоқ. Бағалар барша республикадағы секілді бірдей»,-деп түсіндірді ол.

Соңғы жаңалықтар