Қостанай облысында жаңа трактор цехы іске қосылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Агромашхолдинг KZ» АҚ Қостанай облысында қытайлық «Lovol» компаниясының серіктестерімен бірге трактор шығаратын цех ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл өндіріс орны өткен жылы жұмыс істей бастаған еді. Жоба құны - 3,6 млрд теңге. Ал осы жылдың алғашқы тоқсанында конвейерден шыққан алғашқы 28 трактор бірден сатылып кетті. Бүгінге дейін кәсіпорын 100 шақты трактор құрастырған.

«Бүгін облыс үшін маңызды оқиға. Біз өңірде ауылшаруашылық техникаларын құрастыру саласын дамыту шеңберінде қытайлық әріптестерімізбен бірлесіп, жаңа өндіріс ошағын ашып отырмыз. 130 аттың күшіне тең тракторлар облыста ғана емес, елімізде үлкен сұранысқа ие. Алдағы уақытта кәсіпорын өз өнімдерін ішкі нарықпен қоса, көрші мемлекеттерге де экспорттауды жоспарлап отыр», - деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жаңа жобаның ашылу салтанатында.

Ауыл шаруашылығы техникасын шығару - «Агромашхолдинг KZ» АҚ пен қытайлық «ShandongLovolHeavyIndustryInternationalTradingCO. LTD» бірлескен жобасы. «Lovol» - дүниежүзіндегі ауылшаруашылық техникаларын шығарумен айналысатын жетекші компаниялардың бірі. Ол жыл сайын 70 мың трактор, 50 мың комбаин, басқа да техникаларды құрастырады. Компания өз өнімдерін Қытайда ғана емес, әлемнің 50 еліне экспорттайды.

Алдағы уақытта «Агромашхолдинг KZ» АҚ базасында 4,5 мың шаршы метрлік цех іске қосылмақ. Онда жылына 3000 тракторға дейін шығарылады. Жаңа жоба 180 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады.

Келешекте трактордың кейбір бөлшектерін зауыт өз ішінде жасайды. Бұл машина құрастыруда үлкен жетістік. Өндірістің керме жібін қиярда «Shandong Lovol Heavy Industry International Trading CO., LTD» басқарма төрағасы Ван Гуй Мин қазақстандық әріптестеріне алғыс білдірді.

«Бүгінгі бірлескен жобаны ашу құрметіне ие болғаныма аса қуаныштымын. Өз кезегінде «КазАгроФинанс» АҚ, «БРК-Лизинг АҚ, Қазақстан Үкіметі мен Қостанай облысының басшыларына алғыс айтамын. Біз «Агромашхолдинг KZ» АҚ бірлесіп, көмек жұмыс атқардық»,-деді ол.

Айта кетейік, бүгін Қостанайда Қазақстан мен Ресей жастарының ынтымақтастық форумы басталды.

Соңғы жаңалықтар