Қостанай облысында жалғызілікті қария өз үйінде өртеніп кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Демалыс күндері Қостанай облысының бірнеше қаласы мен ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай өршіді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сарыкөл ауданындағы Сарыкөл ауылының шетінде жалғызбасты зейнеткер тұратын үй өртенді. Ол туралы 23 мамыр таңғы сағат 09:19 шамасында 101 нөміріне ауыл тұрғындары хабарлады. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде, 150 шаршы метр аумақтағы үйдегі өрт жалынға оранған. Газ бен түтіннен қорғау қызметі өртенген ғимаратқа кіріп, бөлмелердің ішінен 1958 жылғы үй иесінің денесін анықтады. Өрт сөндірушілер ер адамға алғашқы медициналық жәрдем көрсетті, бірақ оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер ер адамның өлімін тіркеді», - деп хабарлады ведомстводан.

Өрттің шығу себептерін анықтау мақсатында оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ 22 мамырда Арқалық қаласындағы Демченко көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің екі пәтерінде балкондар мен терезе жақтаулары өртенген.

Өрт сөндірушілер жалынмен жарты сағаттай күресті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

«Бұл күндері Қостанайда екі өрт оқиғасы болды. Сағат 15:54-те Әл-Фараби көшесіндегі «Большевичка» тігін фабрикасының қасында 20 шаршы метр аумақтағы жылу өтетін жолдың оқшауламасы өртенген. Өрт сөндірушілер жалынды сағат 16:01-де ауыздықтап, тоғыз минуттан кейін толық сөндірді», - деп атап өтті ТЖД-дан.

Келесі күні қаланың Қобыланды батыр көшесіндегі жастар жележолында тағы бір өрт оқиғасы орын алған. Онда тұраққа қойылған Волга көлігі өртенді. Көліктің іші өртеніп кетті.

Автомобиль оқиғалары осымен аяқталған жоқ. Жексенбі күні сағат 14:34-те Федоров ауданындағы Ленин мен Жанахай ауылдарының арасында Фольксваген маркалы көлік жалындай бастаған.

Өрт салдарынан көліктің салоны мен дөңгелектері өртеніп кетті.

«Қостанай облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Өрт сөндірушілер ТЖ оқиғасы жағдайында «101» немесе «112» нөміріне хабарласуыңызды сұрайды», - деп атап өтті ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар