Қостанай облысында жалған доллар саудасымен айналысқан қылмыстық топ анықталды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті республика аумағына жоғары сапалы жалған АҚШ долларын кіргізу және таратуды жүзеге асырған қылмыстық топ қызметінің жолын кесті. Бұл туралы ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Түркия Республикасының астанасынан елімізге жалған шетел валютасын жеткізудің барлық тізбегі анықталды. Тергеу соты Қазақстан Республикасының 3 азаматына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Түркия Республикасының Құқық қорғау органдары жалған валюта жеткізудің қылмыстық арналарының жолын кесу бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге жұмылдырылған. Елімізге әкелінген 30 000 жалған АҚШ долларының 28 600-і сотқа дейінгі тергеу барысында анықталды және тәркіленді», - делінген ресми хабарламада.

ҚМА Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ ел қонақтарын ақша айырбастау операциялары кезінде қырағылық таныту қажеттігі және валютаны тек банктердің мамандандырылған пунктері мен бөлімшелерінде ғана жүзеге асыру керек екені туралы ескертеді.



Видеодан алынған кадр



Соңғы жаңалықтар