Қостанай облысында зейнеткер өз ұлын балғамен ұрып өлтірді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жітіқара қаласында отбасылық жанжалдан соң зейнеткер өз ұлын балғамен ұрып мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады.

«Отбасылық ұрыс-керістен соң 45 жастағы ер адам 76 жастағы анасын табамен бірнеше рет ұрған. Мұнан соң ол 77 жастағы әкесіне зәбір көрсетеді. Туған баласының қорлығына шыдамаған әкесі балғамен ұлының басына бірнеше соққы жұмсады. Ауыр дене жарақаты салдарынан ұлы оқиға орнында көз жұмды», -деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 102-бабымен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар