Қостанай облысында зейнеткер екі ұлының көз алдында суға батып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 72 жастағы ер адам Обаған өзенінен өтпек болғанда суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«22 қарашада Меңдіқара ауданында екі ұлы, әкесі және тағы бір ер адам Харьков кентінен 40 шақырым жерде Обаған өзеніне балық аулауға барған. Сағат 21:20-да «112» нөміріне 1949 жылғы ер адамның жеңіл көлікпен өзеннен өтпек болып, суға батып кеткені туралы хабар түскен», - деді департаменттен.

23 қарашада сағат таңғы 9:00-де құтқарушылар оқиға орнына жетіп, ер адамның мәйітін судан шығару жұмысына кіріскен. Ұлдары бұл жағдайды оқыс оқиға деп отыр.

«Біз желіні тексермек болып кетіп қалдық, әкеміз машиналарды күзетіп қалған. Мотордың дауысын естіп, әкеміздің көліктердің біріне мініп, жұқа мұздың үстімен жүріп кеткенін көрдік. Артынан жүгіріп барып, айқайладық, сигнал бердік. Әрі қарай ол суға батып кетті, біз оның артынан мұздың астына түстік. Бірақ, оны шығара алмадық. Әкеміздің мұндай қадамға неліктен барғанын түсіне алмай жатырмыз, біз мұнда бірнеше рет келгенбіз және қауіпті орындарды білеміз», - деді қаза табушының ұлының бірі.

Таңғы сағат 10:00-де сүңгуірлер мұз астынан мәйітті алып шығып, туыстарына берді.


Соңғы жаңалықтар