+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қостанай облысында заңсыз жүрген 11 шетелдік жауапқа тартылды

2021 жылғы 17 ақпан 19:59
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында заңсыз жүрген 11 шетелдік жауапқа тартылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының аумағында «Мигрант» жедел алу іс-шарасы өтіп жатыр. Оның мақсаты - өңірдегі шетелдіктердің құқықтық мәртебесін реттеу, әкімшілік заңнаманың сақталуына қадағалау, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада профилактикалық шара барысында 64 мигрант елден қуылды ШҚО-да 37 мигрант ел аумағынан шығарылды Қазақстан аумағынан 2,5 мың заңсыз мигрант өз еріктерімен шықты

Акция басталған екі күннің ішінде елде заңсыз жүрген 11 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар шетелдіктердің келгені туралы уақтылы хабарламағаны үшін 33 жұмыс беруші де заң алдында жауап береді.

«Қостанай облысында 28 шетел азаматының құқықтық мәртебесі реттелді. Қостанай қаласы полиция басқармасының Көші-қон қызметінің қызметкерлері «Даму» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, елшілік арқылы жеке басты куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруге көмектесті. Мәселен, 1990 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы және 1985 жылы туған Тәжікстан Республикасының азаматы дер кезінде қолдауға ие болды. Сондай-ақ, «Мигрант» жедел алдын алу шарасы аясында Жітіқара және Науырзым аудандарының криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген екі қылмыскерді ұстады», деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT