Қостанай облысында заңсыз берілген 6 жер учаскесі қайтарылды – Антикор

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай мен Рудный қалаларында «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына заңсыз берілген 6 жер учаскесі қайтарылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында Қостанай және Рудный қалаларында ондаған жер учаскесін заңсыз беру тәуекелдері анықталды. Бұл мәселені шешуге бақылаушы органдар тартылды. Нәтижесінде Рудный қаласында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына заңсыз берілген 6 учаскенің қайтарылуына қол жеткізілді. Қазіргі таңда Қостанай қаласында 18 учаске бойынша тексерулер жүргізілуде», - делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.

Бұдан басқа, департамент мемлекеттік сатып алу кезінде нарықтағы тауар құнынан жоғары баға белгілеген органдарға ескерту жасаған. Тиісінше, олар тапсырыстар мен қызметтер бағасын қайтап қарап, бюджет қаражатының 201 млн теңгесін үнемдеген.


Соңғы жаңалықтар