Қостанай облысында үш отбасының үйі өртеніп кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Ұзнкөл ауданының Ершов ауылында болған.

«Аудандық ІІБ кезекші қызметкері Целинная үйіндегі тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар алды. Өрт сөндірушілер келгенде төрт қабатты үйдің 75 шаршы метр аумағы жанып кеткен. Үйде 3 отбасы тұрып жатқаны анықталды», - дейді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Өрттің себептері мен шығын көлемі анықталып жатыр. Үй тұрғындары зардап шеккен жоқ, олар туыстары мен көршілерінің үйін уақытша паналап отыр.

Соңғы жаңалықтар