Қостанай облысында үш күн бұрын жоғалған оқушы қыз табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында үш күн бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім қыз табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер қызды өзі тұратын Валерьяновка ауылының маңындағы бос үйден тапты. Атап өтілгендей, оның жағдайы жақсы, ата-анасына тапсырылды.

Полиция басқа мәліметтерді хабарлаған жоқ.

Еске салайық, 14 жастағы Анна Карпенко 9 қыркүйекте үйінен шығып кетіп, содан оралмаған.

Полиция қызметкерлерімен бірге жасөспірімді іздеуге еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар