Қостанай облысында ұрлық екі есе азайды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында соңғы 3 жылда бөтеннің мүлкін ұрлау оқиғалары 40% азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің күзет қызметін бақылау бөлімі өкілдерінің айтуынша, ұрлықтың, әсіресе пәтер тонау фактілерінің азаюына күзет ұйымдарының қызметкерлері айтарлықтай септігін тигізіп отыр.

«Қазіргі кезде қостанайлықтар пульттік күзет қызметіне жиі иек арта бастаған. Соңғы 3 жылда қорғалатын пәтерлер, жеке күзет ұйымдарының қызметін пайдаланатын үйлердің санын 37,7% арттыруға қол жеткізілді. Бұл пәтер тонау фактілерінің 40% қысқаруына жағдай жасады», - дейді департамент өкілдері.

Полицейлер, бұдан тыс, аудан орталықтарының, кенттердің тұрғындары да ұялы байланыс арқылы жұмыс істейтін күзет ұйымдарының қызметін пайдалануына болатынын айтады.

Соңғы жаңалықтар