Қостанай облысында үлкендер мен балаларды кене шағып, ауруханаға түсіп жатыр

Фото:
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында күн жылынғаннан кейін кенелер шыға бастады. Ересектер мен балаларды жәндік шағып, ауруханаға түсіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«14 сәуірде облыстық емдеу ұйымына кене шаққан 6 адам, соның ішінде 1 бала түскен. Алынған паразиттер кенелердің негізгі қоректенушілері – кеміргіштер арасында эпизоотияны анықтау үшін сынақ материалы ретінде пайдаланылады», - деді Қостанай облыстық санэпидбақылау департаментінен.
Ведомствода нақтылағандай, қоздырғыштар бөлінсе, эндемиялық аудандарда тұратын тұрғындарға жұғу қаупі бағаланады.

Соңғы жаңалықтар