Қостанай облысында тұрғын үй түгі қалмай жанып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жанып жатқан тұрғын үйден 2 газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Оқиға бүгін Ұзынкөл ауданында болған.

«Сағат 04:00-де Бауман ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті.  Өрт аумағы 70 шаршы метрді құрады. Тұрғын үй түгі қалмай жанып кетті. Өрт сағат 06:30 шамасында сөндірілді. Өрт сөндірушілер, жанып жатқан үйден 2 газ баллонын оқшаулады», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Меруерт Балғина агенттік тілшісіне.

Алдын ала болжам, өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан шыққан. Нақты себептері анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар