Қостанай облысында тұрғын үй құрылысы қарқыны қалай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдегі тұрғын үй құрылысы мен ауыз сумен қамтамасыз етуге қатысты жұмыстарды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында тұрғын үй мәселесі әрқашан адамдар үшін басты мәселелердің бірі болатыны атап өтілді. Жыл басынан бері біз 25,5% өсімімен 387,2 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бердік. Тұрғын үй құрылысына инвестиция 38,2% өсті (барлығы 45 млрд теңге)», - деді Архимед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұдан бөлек ол халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз тақырыбына тоқталды.

«Бүгінгі күні ауыл халқының 72,6% және қала халқының 98,1% көрсетілетін сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізе алды. 2021 жылы ауылдық және қалалық сумен жабдықтау және су бұру бойынша 47 жоба іске асырылуда (сумен жабдықтау бойынша 41 жоба, су бұру бойынша 6 жоба), оларға 15,2 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінді. Жылдың соңына дейін орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне 8 ауыл қосылады. Суды тазарту және тарату пункттеріне 11 ауыл қосылады. Ал сумен жабдықтау 16 ауылда жақсартылады. Биыл 104 ауылда (26,9 мың адам) тасымалданатын суды тарату пункттері орнатылғанын атап өткен жөн. Нәтижесінде, ауыл халқы бойынша көрсетілетін сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 75%-ға дейін ұлғаяды», - деді облыс әкімі.

«Яғни, 2020 жылмен салыстырғанда көрсетілетін сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету ауыл халқы бойынша 8%-ға өсіп отыр», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар