+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Қостанай облысында тұңғыш рет республикалық әзіл-сықақ фестивалі өтті

2019 жылғы 21 мамыр 12:53
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында тұңғыш рет республикалық  әзіл-сықақ фестивалі өтті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арқалықта белгілі жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметовтың 80 жылдығына арналған «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрларының фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы мәдениет үйлерінің ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Өңірде тұңғыш рет өткізілген фестивальде Ақтөбе қаласынан келген «ЕКІ ЕЗУ» сатира театры Сейіт Кенжеахметовтың «Ене мен келін» интермедиясын және «Ревизор» шығармасын сахналады. null

Елімізге танымал белгілі сықақшы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбек Сейіт Кенжеахметов жайлы естеліктер айтып, қазақы қалжыңның қасиеті жөнінде баяндап берді.

Республикалық әзіл-сықақ фестивалі облыстық іріктеу кезеңінің жеңімпазы Арғын Жүкебаев Сейіт Кенжеахметовтың «Жағымпазға кеңес» сатиралық шығармасын, телевизиялық «Көңілашар» жобасының жеңімпазы Біржан Жүзбай «Сейіт ағамыз деген екен» қағытпа қалжыңдарын шеберлікпен орындап, көрерменнің ықыласына бөленді. ҚР Мәдениет қайраткері Нағашыбай Мұқатов Сейіт Кенжеахметовке арнаған өлеңін оқыды.

Жангелдин ауданынан келген Жоламановтар отбасылық ансамблі Қалибек Деріпсалдиннің «Айнакөл жағасында» әнін орындаса, Арқалық қаласының «Мұрагер» ансамблі ән мен күйден шашу шашты.
Республикалық әзіл-сықақ театрлары фестивалінің қорытындысында
«Үздік дебют» номинациясын Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармонияның жанынан құрылған «Маса» әзіл-сықақ театры жеңіп алды.

«Мұндай ауқымды фестиваль облыста тұңғыш рет әрі жоғары деңгейде өтті. Бұл - Сейіт ағамызға деген елдің құрметі болса керек. Осындай шаралар Қостанай облысында жиі ұйымдастырылса деген тілек бар», - дейді белгілі әртіс Олжас Бегайдаров.

Ад «Үздік әзіл-сықақ театры» номинациясын Меңдіқара ауданынан келген «Әдемі әзіл» студиясы жеңіп алды.

Ақтөбе қаласының «ЕКІ ЕЗУ» сатира театры Сейіт Кенжеахметов атындағы жүлдеге ие болды. null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT