Қостанай облысында тұмауға қарсы 70 мың вакцина сатып алынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында тұмауға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Биыл вакцина былтырғыдан көбірек сатып алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылы Қостанай облысына тұмауға қарсы 96 мың вакцина сатып алынады. Қазір республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға вакцинаның 70 мың дозасы алынды.

Тағы 26 мыңын алу бойынша келісімшарт жасалды.

Бұл былтырғыдан көп, тиісінше жергілікті емханаларға вакцинация жоспарын ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Мәселен, Қостанай қаласындағы 4-ші емханада дәрігерлер 6 мыңға жуық вакцина алды. Олар арнайы санаттағы адамдарды тегін егеді.

«Вакцина ресейлік «Гриппол плюс» өндірісінен сатып алынды. Арнайы санатқа едицина қызметкерлері, созылмалы аурулары бар адамдар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жүкті әйелдер және әлеуметтік мекемелердегі адамдар кіреді. Тегін егілу үшін тіркелген емханаға хабарласуға болады. Қауіп-қатер тобына кірмейтін адамдар ақы төлеп егіледі»,- дейді Қостанай облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Гүлім Досымова.

Оның айтуынша, екпені ауырып жүрген кезде алуға мүлде болмайды. Мәселен, коронавирус жұқтырғандар індеттен айыққаннан кейін 1 ай өтісімен ғана тұмауға қарсы екпені салдыра алады. Оның әсері 8 айға дейін жарамды


Соңғы жаңалықтар