Қостанай облысында триатлон саябағы ашылады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы саябақ кешенін салу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қаланың орталық жағажай ауданындағы құрылыс жұмысы 45 гектар аумақта жүргізіледі. Қала әкімі Қайрат Ахметов айтқандай, паркті қайта жаңарту жұмыстары жақын арада басталады. Алдымен саябақ кешені ағымдағы жөндеуден өтеді. Атап айтқанда, көгалдандыру және жаңа төсемдерді орнату, демалыс аймақтарын құру, сондай-ақ шағын сәулет нысандарын орнату жүргізіледі. Бұл кешенде триатлон, жүгіру және велосипед жолдары бар жаңа саябақ салынатын болады. Жаңа саябаққа кірме жолдарды салу мүмкіндігі де қарастырылды.

Архимед Мұхамбетов қала әкімі Қ. Ахметовке және мердігер ұйымдардың басшыларына жұмысты тиімді және мерзімінде жүргізуді тапсырды


Соңғы жаңалықтар