Қостанай облысында төтенше жағдай режимін бұзған 10 адам қамауға алынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында төтенше жағдайларға байланысты құрылған мониторинг тобы бірнеше тәртіп бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Мониторинг тобы ТЖ режимінің бұзылуын анықтау мақсатында 93 объектіні тексерді. Әл-Фараби және Абай даңғылдары, Амангелді, Тәуелсіздік, Складская, С.Мәуленов көшелерінде орналасқан нысандар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс қағаздары таратылды. Қаланың барлық ПИК мен мекемелерінде тиісті ұсынымдар берілді.

«Нысандардың басшылығына ТЖ және карантин кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы жадынама ұсынылды. Шектеу шараларын сақтамау фактілері Абай даңғылы 82-үйдегі «Columbo Pab» караоке-барында және Абай даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы «Метрополь» СҮ «Атамекен» бөлімінде анықталды», - делінген басқарма ақпаратында.

Жалпы, облыс бойынша ТЖ режимін бұзғаны үшін 10 адам қамауға алынды.

Атап айтқанда, «Блэк мист» мекемесінің иесі 12 тәулікке қамалды.

Әулиекөл ауданының Аманқарағай кентінде 58 жастағы ауыл тұрғыны тәртіп бұзғаны үшін 15 тәулікке жабылды.

Сондай-ақ Рудный қаласында «50 лет Октября» көшесіндегі компьютер клубының иесі 2 тәулікке оқшаулағыш изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар