Қостанай облысында төрт адам ыстан уланды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында үш ересек адам мен бір сәби ыстан уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратты. Оқиға Науырзым ауданында болған.

«Қараменді ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде жылыту пешін дұрыс пайдаланбау салдарынан 4 адам көмірдің ысына уланып қалды»,- делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Уланған үш зейнеткер мен 4 айлық сәби аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ, зардап шеккендерге тиісті медициналық көмек көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар