Қостанай облысында төрт адам мұз астында ажал құшты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Таранов ауданындағы Тобыл өзенінен төрт ер адамның мүрдесі шығарылды. Притобольское ауылының жанындағы іздеу-құтқару іс-қимылдарын ТЖ департаментінің қызметкерлері жүргізді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамдар жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болған. Мұздың астына құлап, суға батып кеткендердің жасы 30-36 аралығында.

Жоғалған ер адамдарды іздеу және олардың денелерін судан алып шығуға Қостанай облыстық ТЖД-нің 5 қызметкері мен 2 техникасы, сондай-ақ Солтүстік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының 8 қызметкері мен 2 техникасы тартылды.

Соңғы жаңалықтар